"Бүйрегін сатпақ болған": Алматы облысының тұрғыны өз ағзасын заңсыз сатуға әрекеттенген
- авторОймақ
- Бүгін, 08:48
- 31
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚҚКБ) қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын өз ағзасын заңсыз сатуға әрекеттенген кезінде қолға түсірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, ер адам әлеуметтік желілерде өз бүйрегін 25 мың долларға сататыны туралы хабарландыру жариялаған. Саудаға ниет білдірген «сатып алушылар» табылып, келісімшарт барысын жедел уәкілдер бақылауда ұстаған.
Арнайы іс-шаралардың нәтижесінде күдікті Көкшетау қаласында ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұсталды. Одан келісілген соманың бір бөлігі, ұялы телефон, медициналық құжаттар мен талдау (анализ) нәтижелері тәркіленді. Тергеу болжамы бойынша, ол бұған дейін де осындай хабарландырулар жариялап келген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, осы қылмыстық схемаға қатысы бар басқа да тұлғалар анықталуда.
Еске сала кетейік, Қазақстанда адам ағзасын саудалауға қатаң тыйым салынған. Бұл әрекет үшін сатушылар, делдалдар және сатып алушылардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






