сейсенбі, 24 ақпан, 2026 6:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Екі-үш күн өмірі қалды": Жүрсін Ерман өзін ауруханадан сөйтіп шығарғанын айтты

«Екі-үш күн өмірі қалды": Жүрсін Ерман өзін ауруханадан сөйтіп шығарғанын айтты
Ақынға қиналған сәтте туыстары, жанашырлары көп қолдау көрсеткен.

Белгілі ақын Жүрсін Ерман "1001 түн" бағдарламасына cұхбат беріп, денсаулығы туралы айтты..

Ақынның сөзінше,  қиналған сәтте жақындарынан, халықтан қолдау ккөп көрген.

"Мені құртқан қант қой. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыда ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер «Аяғыңызды кесеміз, әйтпесе болмайды, өліп қаласыз" деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Шетелге барып келемін деп шештім. Сөйтіп Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты. Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев барып емделіп кел деп, көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен біліп тұрмын, риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні ауруханадан «Екі-үш күн өмірі қалды» деп шығаратын болды. Ол кезде есімді білмеймін. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді", - деді Жүрсін Ерман.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар