дүйсенбі, 23 ақпан, 2026 22:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: freepik.com
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Түркістан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінде жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Тексеру қорытындысы бойынша жалпы көлемі 1983,2 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері ауданның әкімшілік шекарасынан тыс жерде беріліп, жер заңнамасының талаптары бұзылғаны анықталды.

Заңбұзушылықтарды жою мақсатында департамент тарапынан тиісті нұсқама берілді. Нәтижесінде әкімдік тиісті шаралар қабылдап, аталған жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар басқа ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге 1000 гектар жер телімін беру кезінде де осындай заңбұзушылық анықталды. Осы дерек бойынша департамент Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолдады. Сот талапты толық көлемде қанағаттандырып, аталған жер телімі де мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қабылданған шаралар жер ресурстарын басқаруда заңдылықты қамтамасыз етуге және мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар