Қоғам

Жаңа Конституция: түсіндіру жұмыстары Жалағаш ауданында жалғасты

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Жалпыұлттық коалиция қызметі аясында жаңа Конституция жобасы мен алдағы республикалық референдумды түсіндіруге арналған кездесулер Жалағаш ауданында өтті. Шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Руслан Рүстемов қатысты.

Бірінші кездесу «Мираж» шаруа қожалығында өтті. Онда коалиция өкілдері ауыл шаруашылығы еңбеккерлерімен әңгіме барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, оның әлеуметтік-экономикалық бағдарлары және алдағы референдумның ел болашағы жолындағы маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Нұртөре Жүсіп аграршылар алдында сөйлеген сөзінде Негізгі заңның жаңа редакциясы мемлекеттің саяси жаңғыруының маңызды кезеңі болып табылатынын және қоғамның нақты сұраныстарын көрсететінін атап өтті.

«Жаңа Конституцияның жобасы ашық қоғамдық талқылау жағдайында әзірленді. Құжатта азаматтардың ұсыныстары көрініс тапты, бұл оған шынайы халықтық сипат береді. Ол Конституцияның мемлекетіміздің бұдан былайғы дамуының берік негізі болатынын айтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті сенатор.

Коалиция өкілдері сол күні Жалағаш ауданының денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік саясаттың тұрақтылығы және Конституцияның мемлекеттік кепілдіктерді нығайтудағы рөлі басты назарда болды.

Руслан Рүстемов талқылау барысында конституциялық реформалардың негізгі мақсаттарына назар аударды.

«Конституциялық өзгерістердің негізгі міндеті әділетті және жауапты мемлекет қалыптастыру. Ол заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуді, сондай-ақ билік тармақтарының өзара теңгерімді іс-қимылын қамтамасыз етуді көздейді», - деп атап өтті сенатор.

Кездесулер барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстар айтты және жобаның негізгі ережелері бойынша түсініктемелер алды. Талқылау қорытындысы бойынша жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуының іргетасы болуға, ал алдағы референдум – Қазақстанның болашағын айқындайтын маңызды тарихи шешім болуға арналғаны атап өтілді.