Қоғам

Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды – Аида Балаева

Бүкіл құжаттың мағыналық өзегін айқындайтын преамбулаға тоқталған жөн.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева республикалық референдум қарсаңында жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызына тоқталып, оның өзегінде халық билігі, әділеттілік қағидаты және адам құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Министрдің айтуынша, ең алдымен, бүкіл құжаттың мағыналық өзегін айқындайтын преамбулаға тоқталған жөн.

Сонымен қатар мемлекеттің унитарлық сипаты, шекараның мызғымастығы мен аумақтық тұтастығы нақты бекітіледі. Бүгінгі күрделі геосаяси жағдайда бұл қағидаттардың конституциялық деңгейде бекітілуі – елдің тұтастығы мен тұрақтылығының басты кепілі. Қазақстан әрдайым біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып қала береді.

Преамбулада алғаш рет еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды құндылықтар да көрініс тапқан. Атап айтқанда, Әділетті Қазақстан идеясы мен «Заң мен Тәртіп» қағидаты. Бұл негізгі ұстанымдар құқық үстемдігін қамтамасыз етуге, заң алдында баршаның теңдігін орнықтыруға және биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды. Осылайша, адам және оның қадір-қасиеті конституциялық модельдің өзегіне айналып отыр», – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Оның пікірінше, Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды. Осылайша, адам және оның қадір-қасиеті конституциялық модельдің өзегіне айналып отыр.

Қоғамдағы бірлік, ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім құндылықтары да ерекше атап өтілген. Дәл осы құндылықтар еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалыптастырады. Мәдениет, білім, ғылым мен инновацияны дамыту, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарау да елдің жаңғыру жолындағы басты басымдықтар ретінде көрініс тапқан.

Біз бейбітшілік пен барлық мемлекеттермен сыйластыққа негізделген достық қарым-қатынас орнатуға ұмтыламыз және келешек ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілігімізді терең сезінеміз.

Преамбула «…Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз» деген сөздермен аяқталады. Бұл қоғам болып саналы түрде ұйысып, ел болашағына ортақ жауапкершілік жүгін бірге көтеруге деген дайындықтың көрінісі деп білемін», – деді министр.