"Өлгім келді": Отарда соққыға жығылған жігіттің жақындарына жазған хаттары тарады
Ресми органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Әлеуметтік желілерде Отардағы әскери бөлімде соққыға жығылып, жағы сынған мерзімді қызметтегі сарбаз Есбол Қапардың жақындарына жазған хаттары тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Politico.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл жағдайға байланысты тележурналист Гүлмира Әбіқай да пікір білдіріп, гарнизондағы оқиғаның мән-жайын саралауға тырысқанын айтты.
Желіде жарияланған видеода сарбаздың жақындарына жолдаған жазбалары көрсетілген. Онда ол ауыр психологиялық күйзеліс туралы ашық жазған.
Қазір бұл дерек қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Ресми органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.