Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында қайғылы жағдай орын алды. Марқұмның жақындары болған оқиғаға дәрігерлерді айыптап отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Салтанат Нышанбай кесарь тілігі арқылы босанған. Отадан кейін оның жағдайы нашарлап, үш апта бойы жансақтау бөлімінде жатты. Босанғаннан кейін бір ай өткенде әйел көз жұмды.
Марқұмның анасының айтуынша, Салтанат перзентханаға қан қысымы көтеріліп түскен. Отадан бір апта өткен соң ол комаға түседі. Дәрігерлер туыстарына өлімнің себебі сепсис екенін хабарлаған.
Отбасы мүшелері мәселенің жүктілік кезінде-ақ басталғанын айтып сендіруде. №2 емханада қан қысымының көтерілуі мен ісінуге шағымданғанына қарамастан, МӘМС (Медициналық сақтандыру) бойынша 41 мың теңге берешегі болғандықтан, әйелді есепке қоймаған.
Салтанаттың артында екі баласы жаңа туған ұлы мен бес жасар қызы қалды.
Денсаулық сақтау министрлігі жоспардан тыс тексеру басталғанын хабарлады. Босанған әйелдің өліміне қатысты жағдайды Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаменті анықтап жатыр. Перинаталдық орталықтың өзі тексеру аяқталғанға дейін түсініктеме беруден бас тартты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 583 миллион теңге жымқырылған: 14 адам сотталды
- авторОймақ
- 20 ақпан, 2026






