сенбі, 21 ақпан, 2026 19:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Оқжетпес" белгілі кәсіпкердің меншігіне өтпек

"Оқжетпес" белгілі кәсіпкердің меншігіне өтпек
Қордың құрылтайшысы енді «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры Иван Сауэр болмақ.

Жиынға өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары қатысып, кәсіби спортты дамытуға бизнестің жүйелі түрде қатысу тетіктерін талқылады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңес қорытындысы бойынша «Оқжетпес» футбол клубы» қоғамдық қорын құру туралы шешім қабылданды. Қордың құрылтайшысы енді «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры Иван Сауэр болмақ. Ол Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен бірлесіп, өңірлік футболды тұрақты негізде қолдауды көздеп отыр.

Жаңа бастама аясында клубтың басқару құрылымы жетілдіріліп, қаржыландырудың ашық әрі тиімді моделі қалыптастырылмақ. Бұл өз кезегінде «Оқжетпес» ФК-ның материалдық-техникалық базасын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер футболын қолдауға мүмкіндік береді.

Осылайша, «Оқжетпес» футбол клубы өңірлік бизнестің қатысуымен жаңа басқару форматына көшеді. Облыста кәсіби спортты бюджеттен тыс қаржыландырудың жүйелі тетігі қалыптасып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаттары негізінде тұрақты даму жолға қойылады.

Мамандардың пікірінше, бұл қадам аймақтағы футболдың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жанкүйерлер сенімін нығайтуға және өңір спортының жаңа деңгейге көтерілуіне серпін береді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар