"Үйдің қасына асфальт төсейтінін енді түсінген кезде": Шайдоров риясыз күлкі сыйлаған жазба туралы айтты
Шайдоровтың жеңісі.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Qazsport телеарнасына берген сұхбатында өзі туралы ең күлкілі және ең әсерлі мемдер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Malim.kz.сайтына сілтеме жасап.
Спортшының айтуынша, тарихи жеңістен кейін оған келген құттықтаулардың саны соншалық – бәрін оқып үлгеру мүмкін болмаған. Дегенмен кейбір жазбалар оны жылатса, енді біреулері ішек-сілесін қатырып күлдірген.