Әйелдер күйеуіне бүйрегін беруге даяр тұрады – нефролог-резидент Арайлым Ілияс
Дәрігер бейнежазба жариялады.
Дәрігер-резидент, нефролог Арайлым Ілияс келетін науқастардың арасында көбіне әйел адамдардың күйеуіне бүйрегін беретінін айтты. Сондай-ақ ол өз қызметінде әлі күнге әйеліне бүйрегін берген бірде бір ер адамды кездестірмегенін және қоғамдағы көп ер адамдардың бала көтере алмаған әйелмен ажырасатынын да атап өтіп бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Нефролог-резидент Арайлым Ілиястың бейнежазбасын желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.
Мәдениеттанушы, жазушы, журналист және қазақ мәдениеті мен мифологиясын зерттеуші Зира Наурызбай осы жазбаға пікір қалдырды. Ол өзінің марқұм жұбайы, күйші, жазушы, композитор, әдебиетші Таласбек Әсемқұловтың оған жүрегін беруге дайын болғанын айтты.
Басқа да желі қолданушылары ер адамдардың жақсылық істегені естеліктерін баяндады. Кейбірі әйел адамдардың эмпатиясы жоғары екенін атап өтіп, сондықтан кейде өзгелер үшін басын бәйгеге тігетіні жайлы пікірлер жазды.