Қоғам

Нұрлан Қоянбаевқа Берденов сыйлық жіберді

Кәсіпкер Ораза қарсаңында арнайы сыйлық сыйлаған.

Танымал продюсер, әзілкеш Нұрлан Қоянбаев желідегі парақшасында Ораза қарсаңында алған сыйлығын көрсетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Әзілкештің айтуынша, ол кәсіпкер Руслан Берденовтен арнайы сыйлық алған. Ораза қарсаңында оған Руслан Берденов құрма жинағын сыйға тартыпты.

Еске сала кетейік, жақында Нұрлан Қоянбаев желідегі парақшасында "Жолда абай болыңыздар" деген қысқа жазба қалдырған. Осыдан кейін желі қолданушылары арасында Қоянбаев жол апатына түсті ме деген сұрақ туындады.

Әзірге актердің нақты қандай жағдайға байланысты ауруханаға түскені туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Нұрлан Қоянбаев – продюсер, актер және тележүргізуші ретінде кең танылған тұлға. Оның Instagram парақшасына 2 миллионға жуық адам жазылған. Соңғы жылдары ол әлеуметтік желідегі белсенді инфлюенсерлердің біріне айналған.