жұма, 20 ақпан, 2026 20:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

The Pussycat Dolls тобының бұрынғы солисі Софья Самоделкинаға алғыс білдірді

The Pussycat Dolls тобының бұрынғы солисі Софья Самоделкинаға алғыс білдірді
https://www.instagram.com/nicolescherzinger/
Әлемге танымал әнші Николь Шерзингер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның өнеріне алғыс білдірді.

Спортшы Олимпиадада әншінің Broadway сахнасындағы «Бульвар Сансет» мюзиклінен орындалған композициясына шыққан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Шерзингер әлеуметтік желідегі сторисінде бұл сәттің өзі үшін тосын болғанын жазды. Оның айтуынша, Олимпиада алаңында өз дауысын естимін деп күтпеген. Әнші қазақстандық спортшының өнеріне ризашылығын білдіріп, жылы лебіз қалдырған.

Айта кетейік, Николь Шерзингер – әлемге әйгілі The Pussycat Dolls тобының бұрынғы солисі. Соңғы жылдары ол театр сахнасында да белсенді өнер көрсетіп, «Бульвар Сансет» мюзикліндегі басты рөл арқылы жаңа қырынан танылды.

Софья Самоделкинаның музыкалық таңдауы халықаралық аудиторияның назарын аударды. Олимпиададағы бұл қойылым тек спорттық нәтиже емес, мәдени байланысқа айналған сәт болды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар