жұма, 20 ақпан, 2026 20:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында 583 миллион теңге жымқырылған: 14 адам сотталды

Түркістан облысында 583 миллион теңге жымқырылған: 14 адам сотталды
Freepick
Барлығы 18 лауазымды тұлға мектептердің қаржысын жүйелі түрде заңсыз иемденген.

Түркістан облысы Байдібек ауданында білім саласына бөлінген қаржыға қатысты ірі заңбұзушылықтың беті ашылды. Сот үкімімен 14 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті жүргізген. Іс материалдарына сүйенсек, аудандық білім бөлімінің басшылары, бухгалтерлері мен экономистері – барлығы 18 лауазымды тұлға мектептердің қаржысын жүйелі түрде заңсыз иемденген.

Схема қалай жұмыс істеген?

49 мектепке бөлінетін жалақы мен басқа да төлемдерге арналған бюджеттік сұраныс қолдан өсірілген. Бухгалтерлер электрондық жүйеге әдейі жалған деректер енгізіп отырған.

Құжаттарда іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдар көрсетілген немесе кей қызметкерлердің жалақысы мен үстемеақысы негізсіз көбейтілген.

Заңсыз әрекеттерді жасыру үшін түрлі бұйрықтар, қызметтік хаттар, есеп құжаттары мен табельдер қолдан жасалған. Кейбір құжаттар ақша аударылып кеткен соң артқа күн қойып рәсімделген немесе есепті «үйлестіру» үшін өзгертілген.

Қаражат жалған тұлғалардың, оның ішінде туыстар мен таныстардың шоттарына аударылып, кейін алдын ала келісілген тәртіппен өзара бөлінген.

Мемлекетке келген жалпы шығын 583 миллион теңгеден асты.

Тергеу барысында күдіктілер бұл соманы толық қайтарған.

Сот шешімі бойынша 14 адам 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Тағы 4 адамға қатысты іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар