Бас мүфти кәсіпкерлерді Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатуға үндеді
- авторОймақ
- Бүгін, 17:43
- 14
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айына орай кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын арзандатуға және қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа қолжетімді ұсынуға үндеді. Оның айтуынша, бұл – сауапты іс әрі қоғамға ортақ жауапкершілік, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бас мүфти өз жазбасында Рамазан айының рухани мәніне тоқталып, бұл кезең тек ауыз бекіту ғана емес, жүректі тазарту мен ізгі амалдарды көбейтудің айы екенін атап өтті.
«Ораза – ең алдымен жүректің амалы. Ауыз бекітудегі негізгі мақсат – жүректі Аллаға жақындатып, ішкі жан дүниені көркем мінезбен безендіру», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Ол Рамазан айында жасалған қайырымдылық пен игі амалдардың сауабы еселенетінін еске салып, кәсіп иелерін халықтың жағдайын ескеруге шақырды.
«Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі», – деді Бас мүфти.
Сонымен қатар ол барша мұсылман жамағатын ҚМДБ ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына белсенді қатысуға шақырып, Рамазан айының береке мен мейірім айы екенін атап өтті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Петропавлда жас жігіт өзін мылтықпен атып өлтірген
Ұқсас жаңалықтар
Ерболат Құдайбергенов 15 тәулікке наркологиялық орталыққа орналастырылды
- авторОймақ
- 18 ақпан, 2026






