Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында қайта жаңарту жұмыстары басталды
- авторОймақ
- Бүгін, 09:38
- 32
Құрылыс жұмыстары бүкіл аумақты толық жаппай, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алғашқы кезеңде негізгі жұмыстар басталатын саябақтың оңтүстік бөлігі уақытша жабылады. Ал орталық бөліктен кіреберіс аркаға дейінгі аумақ келушілер үшін ашық болып қалады.
Бірінші кезең аяқталған соң жаңартылған бөлік қайта ашылып, жұмыс келесі аумақта жалғасады. Осылайша, қайта жаңарту барысына қарай саябақтың жекелеген аймақтары кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі.
Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдерінің хабарлауынша, қайта жаңарту жобасы табиғи ландшафтты, сәулеттік шешімдерді және демалысқа, серуендеуге, белсенді өмір салтына арналған қолайлы инфрақұрылымды үйлестіретін заманауи, жайлы әрі көпфункциялы орта құруға бағытталған. Саябақ 2010 жылы ашылғаннан бері аумақта күрделі жаңарту жүргізілмеген. Қазір инфрақұрылымның бір бөлігі заманауи жайлылық пен функционалдық талаптарға сай жүйелі жаңартуды қажет етеді.
Саябақ Бостандық ауданында, әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің бойында, Іле Алатауының баурайында орналасқан. Жалпы аумағы – 62,4 гектар. Кеңістікте орталық аллея, субұрқақтар кешені, амфитеатр, серуен аймақтары мен веложолдар, сондай-ақ тауға панорамалық көрініс ашылатын демалыс орындары бар.
– Қайта жаңарту барысында табиғи ортаны сақтау, жасыл желек қорын дамыту және келушілердің барлық санаты үшін қолайлы инфрақұрылым құруға басымдық беріледі. Жоба аясында кіреберіс аймағы жаңартылып, жүргіншілер бағыты көріктендіріледі, демалыс орындары жаңарып, жаңа функционалдық кеңістіктер жасақталады.
Жаңарту тұжырымдамасы британиялық ландшафт сәулетшілерінің және ел мамандарының қатысуымен әзірленіп, көркейтудің үздік халықаралық тәжірибесіне негізделген. Негізгі мақсат – табиғат, сәулет және заманауи демалыс, қарым-қатынас пен қалалық іс-шараларға арналған мүмкіндіктер үйлесім тапқан саябақ қалыптастыру, - делінген хабарламада.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ең көп сұраныстағы мамандықтар аталды
Ұқсас жаңалықтар
Ерболат Құдайбергенов 15 тәулікке наркологиялық орталыққа орналастырылды
- авторОймақ
- 18 ақпан, 2026





