Бос тұрған қызметтер қысқарады: Экономика министрлігі мәлімдеді
- авторОймақ
- Бүгін, 12:04
- 24
Енді жарты жылдан артық уақыт толтырылмаған штаттық бірліктерді сақтау үшін нақты негіздеме қажет болады.
Ведомство мәліметінше, әр ұйым бос тұрған орындар бойынша түзетілген даму жоспарын ұсынып, оның не үшін қажет екенін дәлелдеуі тиіс. Құжаттар жыл сайын 25 маусым мен 25 желтоқсанға дейін дайындалуы керек.
Бұл өзгеріс жалақы қорына да әсер етеді. Бос орындар қысқарған жағдайда, еңбекақы қоры да азайып, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік туады.
Дегенмен жаңа талап барлық қызметке бірдей қатысты емес. Қысқартуға жатпайтын лауазымдар:
– ұйымдардың бірінші басшылары;
– маусымдық қызметкерлер;
– тар бейінді және бірегей мамандар (мысалы, ядролық физика немесе сирек инженерлік жабдық бойынша сарапшылар), онсыз кәсіпорын жұмыс істей алмайтын қызметтер;
– заң бойынша қызметкердің орны сақталуы тиіс жағдайлар (декреттік демалыс немесе ұзақ мерзімді еңбекке жарамсыздық кезеңі).
Министрлік бұл шаралар кадрлық құрылымды оңтайландырып, артық шығынды азайтуға бағытталғанын атап өтті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





