Санжар Бокаев бірнеше айдан кейін алғаш рет видео жариялады
Қоғам белсендісі Санжар Бокаев бірнеше ай үнсіздіктен кейін әлеуметтік желіде алғаш рет видео жариялады.
Қазір ол АҚШ-та тұрып жатқанын айтты. Белсендінің сөзінше, өткен жылы Америкада ашқан бизнесі сәтті жүріп жатыр. Өз бағалауынша, жұмысы «өте жақсы» дамуда.
Бокаев қараша айынан бері неге көрінбей кеткенін де түсіндірді. Оның айтуынша, уақыт өте келе айтылған мәселелер ешкімге қажет емес деген ойға келген.
Сондай-ақ, белсенді өзін үнемі тек жағымсыз жаңалық айтатын адам ретінде сезінуден шаршағанын жеткізді. Видео соңында ол көрермендерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, байланыста болуға уәде берді.
Видео Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.