Жаңа Конституция жобасы төңірегінде топтасуымыз қажет – Нұрлан Имам
Ол мұны TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында айтты.
Белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Имам TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасының төңірегінде қоғамның топтасуы қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол бұл пікірін қазіргі саяси өзгерістер мен алдағы референдумның маңызы туралы жазылушылардың сұрақтарына жауап беру кезінде білдірді.
Нұрлан Имам ең алдымен негізгі заң жобасын әзірлеп, халыққа түсіндіріп жатқан мамандар мен отаншыл азаматтарға сенім білдіру қажеттігін атап өтті.
Оның айтуынша, заң жобасын әзірлеушілердің мақсаты – елдің дербестігін сақтау және халықтың мүддесін қорғау.
Сондай-ақ ол әрбір азаматтың референдумға қатысуының маңыздылығына тоқталып, мемлекет халықтың пікірін ескеретінін айтты.
Нұрлан Имамның айтуынша, өзгерістер кезеңінде ел бірлігін сақтау және арандатушылардың жетегіне ермеу аса маңызды.
Нұрлан Имам қазақстандықтарды бірлікке шақыра отырып, ел амандығын тіледі.