дүйсенбі, 16 ақпан, 2026 14:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Отардағы әскери бөлімде сарбазды соққыға жыққан

Отардағы әскери бөлімде сарбазды соққыға жыққан
Сурет: Қорғаныс министрлігі
Әскери полиция осыған орай қылмыстық тергеу бастады.

Қазіргі уақытта сарбаз Алматыдағы әскери госпитальда емделуде, ал әскери полиция қылмыстық тергеуді бастады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Желіде Отардағы бөлімде әскери қызметшінің жағы мен мұрны сынғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламаларға қарағанда, отадан кейін ол толыққанды ем мен бақылау алмаған. Кейінірек туыстары оны пәтерде ұстағанын анықтаған, ал тексеру жұмыстары отаның дұрыс жасалмағанын көрсеткен.

Гвардия гарнизонының әскери полициясы әскери қызметшіге күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу кезінде бірқатар офицер қызметінен шеттетілді.

«Материалдар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне тіркелді. Жан-жақты тексеру жүргізілуде. Тергеу барысында барлық қатысы бар адамдардың, сондай-ақ жарғыдан тыс қарым-қатынас дерегі туралы жоғары қолбасшылыққа дер кезінде баяндамаған және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға жауапты әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деп хабарлады әскери полиция.

Зардап шеккен сарбаз Алматыдағы Әскери-клиникалық госпитальда ем алып жатыр.

«Оған барлық қажетті білікті медициналық көмек көрсетілуде, денсаулық жағдайы әскери дәрігерлердің тұрақты бақылауында», - деп толықтырды ведомстводан.

Тексеруден кейін кінәлілер заң бойынша қатаң жазаланады деп уәде берілді. Жағдайды Қарулы Күштердің басшылығы жеке бақылауына алды.
 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар