Оның мәлімдеуінше, камералық бақылаудың нәтижесінде аталған азаматтар тапқан табысы үшін салықтан жалтарғаны анықталып, тиісті шара қолданылған.
«2022-2023 жылдар үшін былтыр камералық бақылау жүргізілді. Жалпы 80 мыңға жуық азаматтар камералық бақылауға түсті, оның ішінде әрине блогерлер болды. Осы 850-ге жуық азаматтан 500 млн теңгеге жуық салық өндірілді», - деді Ерқанат Шыңберген.
Оның айтуынша, камералық бақылау туралы хабарлама орындалмаса, салық тексеруі жүргізіледі. Бірінші бұзушылық үшін ескерту беріледі.
«Табыс тек ақшалай қаражат қана емес, мүлік, сыйлық та табысқа жатады. Одан тиісінше салық төленуі қажет. Көбіне жарнама фактілеріне назар аударамыз. Себебі, бізде блогерлер көбіне жарнама арқылы табыс табады. Жалпы желілерде табыс табу мақсатында жарияланым болса бұларды, міндетті түрде кәсіпкерлік қызмет деп есептейміз», - деді Ерқанат Шыңберген.
Түрлі мемлекеттік органдардан, банктерден алынған ақпарат талданып, декларациямен салыстырылған. Ондағы мәлімет декларацияда көрсетілген ақпаратпен сәйкес келмесе, яғни, салық төлемеу немесе кірісті азайтып көрсету байқалса камералық бақылау нәтижесі азаматқа хабарланады.
Берілген нұсқауды орындаудың екі тәсілі бар. Біріншісі, декларацияда соманы көрсетіп, тиісінше салық төлеу. Екіншісі егер салық төлеуші көрсетілген бұзушылықтармен келіспесе, оны дәлелдеуі тиіс. Оған 30 күн беріледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






