"Дайындықты маусымда бастадым": Шайдоров жеңіске жету жолындағы қиындықтары туралы айтып берді
"Негізгі бағдарлама – қысқа бағдарлама".
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылы Миланда өткен Олимпиада ойындарының басты сенсациясына айналды. Спортшы ерлер арасындағы жеке сайыста ел тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алып, аса күрделі еркін бағдарламасымен төрешілер мен көрермендерді тәнті етті. Спортшы 24.kz-ке берген сұхбатында Олимпиадада жеңіске жету физикалық әрі моральдық тұрғыдан қаншалықты қиынға соққанын айтып берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың тартысы алғашқы күннен-ақ басталды. Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров басты фавориттердің қатарында болмады. Алайда оның бүкіл турнирге арналған нақты тактикалық жоспары бар еді.
Еркін бағдарламада мәнерлеп сырғанаушы аса жоғары техникалық тәуекелге барып, ең күрделі элементтерді орындауға бел буды. Дәл осы батыл шешім медаль үшін бәсекеде шешуші рөл атқарды.
Бағдарлама аяқталған сәтте көрермендер орындарынан тік тұрып қол соқты. Ал спортшының өзі жетістігінің ауқымын бірден түсіне қоймағанын айтты.