"Ешқандай шектеу жоқ": Шайдоров олимпиада жеңісінен кейін алғашқы жазбасын жариялады
Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейін Instagram парақшасында алғашқы жазбасын жариялады.
Жарияланым бірден желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
Спортшы турнирден түскен фотосын бөлісіп, оны қысқа ғана жазбамен толықтырған:
«Әр күнім бұрынғыдан да тартымды. Мен шектеу жоқ екенін білемін», – деп жазды ол