Қайрат Әділгерей халықтан кешірім сұрады
"Бұйыртса, жақын арада бабамыздың жатқан жеріне барып, құран бағыштап, ұрпақтарынан кешірім сұраймын".
Қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлы туралы үш-төрт жыл бұрын айтылған сөзі үшін басы дауға қалған танымал әзілкеш халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Sadaq.kz. сайтына сілтеме жасап.
Құрманғазы Сағырбайұлының Орал қаласында тұратын ұрпақтары актердің бұл сөздері үшін жауапқа тартуды талап еткен болатын.