жұма, 13 ақпан, 2026 13:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған кішкентай қызды тауып берді

Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған кішкентай қызды тауып берді
Ұлттық ұлан
Қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

Ұлттық ұлан сақшылары жоғалған 6 жасар қызды іздеп тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Павлодар қаласында сағат 22:10 шамасында Назарбаев көшесі бойын патрульдеу барысында 5512 әскери бөлімінің сақшыларына әйел адам жүгініп, алты жастағы қызының жоғалып кеткенін хабарлайды.

Ақпаратты алған әскери қызметшілер дереу іздестіру шараларына кірісіп, баланың жүруі мүмкін деген бағыттарды тексеріп, жақын маңдағы көшелер мен қоғамдық орындарды қарап шықты.

Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде бала Байзақов атындағы филармония маңынан табылып, анасына аман-есен тапсырылды. Қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар