Өгей қызына сталкинг жасаған әке қамауға алынды
Қылмыстық іс тәулік ішінде сотқа жолданды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қызылордалық бойжеткенді өгей әкесі аңдып, оның тыныштығын бұзған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Malim.kz сайтына сілтеме жасап.
Жәбірленушінің арызы негізінде полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар нәтижесінде күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қылмыстық іс тәулік ішінде сотқа жолданды.
Еске салайық, жуырда Алматыда азаматтарды қасақана қудалау мен психологиялық қысымнан қорғауға бағытталған Қылмыстық кодекстің 115-1 бабы бойынша алғашқы сот үкімдерінің бірі шықты.