Спорт

Асаубаева табысы жоғары спортшылардың қатарына енді

21 жастағы спортшы жыл соңына дейін 110 000 доллардан астам табыс тапты.

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева табысы жоғары 10 әйел шахматшының қатарына енді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Forbes.ru-ға сілтеме жасап.

Рейтингке сәйкес, Бибисара жетінші орында тұр, 21 жастағы спортшы жыл соңына дейін 110 000 доллардан астам табыс тапты.

Рейтингтің көшбасшысы – Қытай Халық Республикасының өкілі Цзю Вэньцзюнь, ол шамамен 382 мың доллар табыс тапты. Алғашқы ондықтың соңында табысы 87 000 доллар болатын үнді қызы Дивья Дешмух тұр.

Еске сала кетейік, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2025 жылы блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жетті, бұл жылдам шахматтың бір түрі. Жеңісінен кейін Асаубаева Қасым-Жомарт Тоқаевтан құттықтау алды. Қазақстан президенті шахматшыға екінші дәрежелі "Барыс" орденін табыс етті.