Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: күдіктілер Қазақстанға экстрадициялана ма?
- авторОймақ
- Бүгін, 14:06
- 23
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев баспасөз мәслихаты кезінде журналистердің экстрадиция мәселесіне қатысты сұрақтарына жауап берді. Журналистер қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты істе күдікті болған оның күйеуі мен енесіне қатысты сұрақтар қойды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ғалымжан Мәмбетұлы ІІМ-нің азаптау фактісі бойынша іс қозғағанын атап өтті. Оның сөзінше, енді Ресейден ресми жауап келуі керек.
«Ішкі істер министрлігі азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ресей Федерациясына осы екі адамның азаматтығын анықтау үшін халықаралық тергеу тапсырмасы жіберілді. Өздеріңіз білетіндей, Ресей Федерациясы да біз сияқты өз азаматтарын бермейді. Біз олардың азаматтығын анықтағаннан кейін, қылмыстық іс ресей тарапына оларды жазалау үшін беріледі. Тергеу тапсырмасы жіберілді. Бұл ресми құжат. Бізге ресми жауап келеді және біздің тарапымыздан дереу шаралар қабылданады. Бірақ нақты уақытын айта алмаймын. Қайда барса да, олар іздеуде жүрген адамдар саналады», — деді Ғалымжан Мәмбетұлы.
Журналистер Қойгелдиевтен: «Неліктен бізде ұсталған ресейліктерді бересіздер, ал Ресей қылмыс жасағандарды Қазақстанға бермейді? Себебі неде?» деп сұрады.
«Сіздің айтып тұрғаныңыз толығымен дұрыс емес. Бізде Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнаған. Байланысымыз күнделікті. Біздің сұрауларымыз толыққанды орындалуда. Ал оларға біз беретін себептеріміз экстрадиция мәселесі оңай нәрсе емес. Экстрадициялық тексеру жүргізіледі. Сол тексерудің барысында бүкіл материалдар толыққанды зерттелетін болады. Егер көзіміз толыққанды жететін болса, «бұл адам күдікті, қылмыстық іс-әрекет жасады» дейміз, ол азаматты елімізде ұстамаймыз. Ресей болсын, басқа мемлекеттерге болсын бере береміз. Ал егер бізде күмән болса, тергеу барысындағы күмәнді мәселеге көзіміз жетсе, онда біздің қылмыстық процессуалдық кодекспен жұмыс істеп, біз ол адамдарды беруден бас тартамыз», — деді Ғалымжан Мәмбетұлы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




