Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Облыстық №1 перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлады Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Сарыағаш ауданының тумасы жүктіліктің 33-аптасында мерзімінен бұрын босанған. Жаңа туған нәрестелердің біріншісінің салмағы 2 400 грамм болса, одан кейінгісі – 2 230 грамм, ал ең кішісінің салмағы – 2 060 грамм.
Мерзімінен бұрын дүниеге келуіне байланысты үшем «патология» бөлімшесіне жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынған. Қазіргі уақытта нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық.
Дәрігерлер үшемді үйіне шығарды. Нәрестелерге Зере, Дара және Сара есімдері берілді.
Айта кетейік, бұл отбасында үш ұл және екі қыз тәрбиеленіп жатыр.