Спорт

Қазақстан құрамасы шаңғы жарысында 53-орынға тұрақтады

Әйелдер арасындағы шаңғы жарысында жеңімпаздар анықталды.

Әйелдер арасындағы шаңғы жарысында жеңімпаздар анықталды. Алтын және күміс жүлделерді Швеция спортшылары иеленсе, қола медаль Норвегияға бұйырды.
1-орын: Фрида Карлссон (Швеция)
2-орын: Эбба Андерссон (Швеция)
3-орын: Хейди Венг (Норвегия)

«Qazsport» телеарнасының дерегінше, Қазақстан құрамасы сапынан Надежда Степашкина мәреге 53-орынмен жетті. Ал Ксения Шалыгина 60-нәтиже көрсетті.

Жалпы жарысқа 70 спортшы қатысты.