Руханият

Өмір елу жылдық сахнамен шектелмейді – Роза Рымбаева

Қазақстанның Еңбек ері, Халық әртісі Роза Рымбаеваның өнерде жүргеніне елу жыл толды.

Бүгін Алматыда Роза Рымбаева есе беру кешін өткізеді. Қазақстанның Халық әртісінің өнерде жүргеніне елу жыл толды. Бұл уақыт оның өмірінің ең елеулі кезеңі болғаны рас. 

– Есеп беру кешімнің бүкіл дайын­дық жұмысын екі ұлым – Әли мен Мәди толықтай өз мойын­­дарына алды. Концерт бойы сахнада екі оркестрмен жұ­мыс істеймін. Бұл үлкен дайындық пен жауапкершілікті талап етеді. Осыдан елу жыл бұрын марқұм жол­дасым Тасқын дирижер ретін­де Республика сарайының сахна­сы­на мені жетелеп шығарған еді. Қа­зір оның орнын екі ұлым басты. Екеуі де кәсіби музыкант бол­ған­дықтан, олар – менің тірегім, екі қа­натым. Мен ана ретінде бала­ларым­ның кәсіби деңгейіне де, тә­лім-тәрбиесіне де разымын. Әли мен Мәди туралы халық әр­қа­шан жылы сөздерін жаудырып жатады. Анаға осыдан артық қан­дай бақыт керек?

Бұл кештен кейін де өмір тоқ­тап қалмайды. Өмір елу жыл­дық сахнамен шектел­мей­ді. Осыған дейін Қазақстанның жартысын аралап шықсам, енді қалған өңірлерде концерт беру жос­парымда бар. Сондықтан алда ат­қарылар шаруа жеткілікті. Ең бастысы, осының бәрін көрер­мен­ге лайықты деңгейде ұсыну. Роза Бағланова апамыздың «Ай­на­лайын халқымнан еркелеткен» де­ген жылы сөзі бар еді. Расында, біз – сахнаның еркесіміз. Бірақ бұл еркелік жауапкершіліктен бо­сат­пайды, керісінше, кәсіби дең­гейге деген талапты күшейтеді. Ха­лық сенің өнеріңді құрметтеп, әнің­ді тыңдау үшін уақытын бө­ліп, кешіңе келеді. Ал әртістің үл­кен міндеті – сол құрметке өз өне­­­­­рімен лайықты деңгейде жауап беру. Өнер дегеніміз – мәдениет, тәр­бие, рухани жауапкершілік. Сах­наға шыққан адам халықтың ал­дында тұрған қарапайым әртіс қа­на екенін ұмытпауға тиіс. Ха­лық сенің әрбір сөзіңнен, әнің­нен, олармен сырласуыңнан тә­лім алады, рухани қуат табады. Сон­дықтан сен осы деңгейге бойың­дағы ізгі құндылық­тарың­мен лайық бола білуің тиіс. 

Мыңдаған көрерменнің ал­дына шыққанда, сен кім­сің? Меніңше, сен – рухани дү­ниені насихаттайтын тәрбиеші, үміт пен оптимизм сыйлайтын, кей­де ақыл айтып, кейде сырын ақ­таратын адамсың. Мен сахна­да­ғы өз миссиямды осылай түсі­не­мін. Қазақ композиторлары да му­зыканы дәл осы мақсатта – ха­лықтың мәдени деңгейін көтеру үшін жазады. Елу жыл ішінде қай сахнаны көрмедім, қандай шал­ғайда жатқан ауылда болмадым десеңізші?! Мен шалғайда жатқан ауыл­дарға барғанды ерекше жақ­сы көремін. Былтыр туған күнімде 1 300 шақырым қашықта орналас­қан ауданға барып концерт бер­дім. Туған күн тойлап, банкет жа­сауды ұната бермеймін. Мен үшін туған күн – қарапайым ха­лық­қа концерт беру. Сол кезде ға­на өнер адамы ретінде бір мін­де­тімді атқарғандай күй кешемін, дейді әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева.


Әли мен Мәди толықтай өз мойын­­дарына алды. Концерт бойы сахнада екі оркестрмен жұ­мыс істеймін. Бұл үлкен дайындық пен жауапкершілікті талап етеді. Осыдан елу жыл бұрын марқұм жол­дасым Тасқын дирижер ретін­де Республика сарайының сахна­сы­на мені жетелеп шығарған еді. Қа­зір оның орнын екі ұлым басты. Екеуі де кәсіби музыкант бол­ған­дықтан, олар – менің тірегім, екі қа­натым. Мен ана ретінде бала­ларым­ның кәсіби деңгейіне де, тә­лім-тәрбиесіне де разымын. Әли мен Мәди туралы халық әр­қа­шан жылы сөздерін жаудырып жатады. Анаға осыдан артық қан­дай бақыт керек?

Бұл кештен кейін де өмір тоқ­тап қалмайды. Өмір елу жыл­дық сахнамен шектел­мей­ді. Осыған дейін Қазақстанның жартысын аралап шықсам, енді қалған өңірлерде концерт беру жос­парымда бар. Сондықтан алда ат­қарылар шаруа жеткілікті. Ең бастысы, осының бәрін көрер­мен­ге лайықты деңгейде ұсыну. Роза Бағланова апамыздың «Ай­на­лайын халқымнан еркелеткен» де­ген жылы сөзі бар еді. Расында, біз – сахнаның еркесіміз. Бірақ бұл еркелік жауапкершіліктен бо­сат­пайды, керісінше, кәсіби дең­гейге деген талапты күшейтеді. Ха­лық сенің өнеріңді құрметтеп, әнің­ді тыңдау үшін уақытын бө­ліп, кешіңе келеді. Ал әртістің үл­кен міндеті – сол құрметке өз өне­­­­­рімен лайықты деңгейде жауап беру. Өнер дегеніміз – мәдениет, тәр­бие, рухани жауапкершілік. Сах­наға шыққан адам халықтың ал­дында тұрған қарапайым әртіс қа­на екенін ұмытпауға тиіс. Ха­лық сенің әрбір сөзіңнен, әнің­нен, олармен сырласуыңнан тә­лім алады, рухани қуат табады. Сон­дықтан сен осы деңгейге бойың­дағы ізгі құндылық­тарың­мен лайық бола білуің тиіс. 

Мыңдаған көрерменнің ал­дына шыққанда, сен кім­сің? Меніңше, сен – рухани дү­ниені насихаттайтын тәрбиеші, үміт пен оптимизм сыйлайтын, кей­де ақыл айтып, кейде сырын ақ­таратын адамсың. Мен сахна­да­ғы өз миссиямды осылай түсі­не­мін. Қазақ композиторлары да му­зыканы дәл осы мақсатта – ха­лықтың мәдени деңгейін көтеру үшін жазады. Елу жыл ішінде қай сахнаны көрмедім, қандай шал­ғайда жатқан ауылда болмадым десеңізші?! Мен шалғайда жатқан ауыл­дарға барғанды ерекше жақ­сы көремін. Былтыр туған күнімде 1 300 шақырым қашықта орналас­қан ауданға барып концерт бер­дім. Туған күн тойлап, банкет жа­сауды ұната бермеймін. Мен үшін туған күн – қарапайым ха­лық­қа концерт беру. Сол кезде ға­на өнер адамы ретінде бір мін­де­тімді атқарғандай күй кешемін.