Аймағамбетов қуанышты жаңалығын бөлісті
"Психологиялық көмек саласына тәртіп орнататын заң дайындадық".
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов психологиялық көмек көрсету саласын реттеуге бағытталған жаңа заң жобасы әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Депутаттың айтуынша, заң жобасының басты мақсаты – азаматтарды өзін психолог ретінде таныстыратын, алайда тиісті білімі мен кәсіби дайындығы жоқ псевдоспециалистерден қорғау.