Қоғам

Әдемі көлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады

«ЦОН» мобильді қосымшасында әдемі мемлекеттік көлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге арналған жаңа қызмет іске қосылды. Енді азаматтар өтінімді үйден шықпай-ақ рәсімдей алады, деп хабарлайды oimaqnews.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

Қызметті пайдалануға бірнеше минут кетеді. Қолданушы қосымшада қалаған нөмірі мен серияны енгізеді, ал өңір өтінім берушінің тіркелген мекенжайына сәйкес автоматты түрде анықталады. Жүйе бірден таңдалған комбинацияның бос немесе бос емес екенін көрсетеді.

Егер нөмір бос болса, азамат бірден төлем жасап, дайын нөмірді алу үшін өзіне ыңғайлы бөлімшені таңдайды. Таңдалған комбинация бос болмаса, жүйе бұл туралы хабарлап, басқа нұсқаны енгізуді ұсынады.