бейсенбі, 5 ақпан, 2026 11:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жеті әскери қызметкер Қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынайды

Жеті әскери қызметкер Қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынайды
Қорғаныс министрлігі
Олардың арасында биатлоншылар мен шаңғышылар бар.

6-22 ақпаны аралығында Миланда Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан сайысқа түседі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың қатарына республикалық және халықаралық деңгейлерде айтарлықтай жетістіктері бар жеті армия спортшысы – биатлоншылар мен шаңғышылар кірді.

Биатлон жарысында ефрейтор Владислав Киреев – спринтте 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарының чемпионы, Азиада-2025 ерлер эстафетасының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының алтын және қола медальдарының иегері сынға түседі. Әлем Кубогы маусымында ол қазақстандық биатлоншылар арасында үздік нәтиже көрсетіп, кезеңдердің бірінде үздік 20 спортшының қатарына кірген болатын.

Бұдан өзге ел намысын қорғайтындар сапында 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дүниежүзілік Универсиаданың екі дүркін күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әсет Дүйсенов; «Азия балалары» Халықаралық жасөспірімдер жарыстарының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айша Рақышева; IBU кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін қатысушысы Милана Генева да бар.

Ұлттық команда үшін шаңғы жарыстарында Дүниежүзілік Универсиаданың қола жүлдегері, 2022 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2025 жылғы Қысқы Азия ойындары эстафетасының күміс жүлдегері Надежда Степашкина; халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2025 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дүниежүзілік Универсиаданың екі дүркін қола жүлдегері, 2022 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Ксения Шалыгина; шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Кубогының жеңімпазы, ұлттық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері Анна Мельник бағын сынайды.

Әскер спортшыларының Олимпиада ойындарына қатысуы көп жылғы тынымсыз әрі жүйелі еңбекпен келген дйындықтың, темірдей тәртіп пен кәсіби деңгейдің жоғары нәтижесі екені сөзсіз.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар