Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.
Үндістанның Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы екі медальмен көзге түсті.
Валерий Рахымжан 10 метрден пневматикалық тапаншамен атудан күміс жүлдеге ие болды.
ҚР ҰОК мәліметінше, cонымен қатар отандастарымыз командалық сайыстың нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.