бейсенбі, 5 ақпан, 2026 0:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.

Үндістанның Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы екі медальмен көзге түсті.

Валерий Рахымжан 10 метрден пневматикалық тапаншамен атудан күміс жүлдеге ие болды. 

ҚР ҰОК мәліметінше, cонымен қатар отандастарымыз командалық сайыстың нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар