сәрсенбі, 4 ақпан, 2026 12:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбе облысында мектеп оқушысын зорлаған зейнеткерге үкім шықты

Ақтөбе облысында мектеп оқушысын зорлаған зейнеткерге үкім шықты
pexels
Сот шешімімен 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 14 жастағы мектеп оқушысын зорлап, оның жүкті болуына себепкер болған 64 жастағы зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың шешімімен ол 21 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты судья Алтынбек Сабыров растап, сотталушының жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтінін хабарлады. Судьяның айтуынша, айыпталушының зейнет жасы ескерілген, әйтпесе заң бойынша оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін еді.

Айта кетейік, бұл сұмдық жағдай өткен жылдың 13 қазанында, 9-сынып оқушысының сабақ үстінде толғағы басталып, босанған кезінде белгілі болған. Кейін анықталғандай, қылмысқа күдікті ретінде қыздың әжесімен бірге тұратын ер адам ұсталған. Оған зорлау және жас баланы азғындау баптары бойынша айып тағылды.

Сонымен қатар, бұл істе жергілікті дәрігерлердің жұмысына қатысты да үлкен сұрақ туындады. Өңірлік білім басқармасының мәліметінше, оқушы қыз жүктілік кезінде медициналық мекемеге үш рет барғанымен, мамандар оның жүкті екенін дер кезінде байқамаған. Қазіргі таңда сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар