Ведомствоның мәліметінше, анықталған заң бұзушылықтардың басым бөлігі пара алу, алаяқтық және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану деректеріне қатысты.
Жыл басынан бері 89 адамның заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылған. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан өңірінде екі басқарма басшысы ұсталғаны хабарланды.
ҰҚК мәліметінше, 129 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, оның 121-і сотқа жолданған.
Тергеуі аяқталған істер бойынша келтірілген залал көлемі 18 млрд теңгені құраған. Оның ішінде 100 млн теңгеден астам қаржы мемлекет бюджетіне қайтарылған.
Комитет өкілдері бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





