Бұл туралы Билл Клинтонның баспасөз хатшысы Анхель Уренья хабарлады. Оның айтуынша, Өкілдер палатасының комитетімен арадағы келіспеушіліктерге қарамастан, Клинтондар тыңдауларға келіп, ант беріп жауап беруге дайын.
Анхель Уренья ерлі-зайыптылардың конгрессмендерге өздеріне белгілі барлық ақпаратты бұған дейін де жеткізгенін атап өтті. Сонымен қатар, олардың тыңдауға қатысуы алдағы уақытта осындай тергеулерде барлық фигуранттарға бірдей талап қолдануға негіз болатын «прецедент қалыптастыруды» көздейді.
Айта кетейік, бұған дейін Билл Клинтон мен Хиллари Клинтон Джеффри Эпштейн ісі бойынша Конгрестегі жабық тыңдауларға келмеген. Осыдан кейін комитет төрағасы, республикашыл Джеймс Комер олардың келмегені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескерткен еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






