дүйсенбі, 2 ақпан, 2026 22:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әлемнің үшінші ракеткасы: Рыбакина қанша салық төлейді

Әлемнің үшінші ракеткасы: Рыбакина қанша салық төлейді
фото: ашық дереккөз
Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов жазды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жекелей сынында жеңіске жетіп, 2,78 миллион доллар сыйақыға ие болды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Дегенмен, Аустралия заңдарына сәйкес, шетелдік азаматтар 190 мың доллардан артық табыс тапса, 45% салық төлейді. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов жазды.

Осы есеп бойынша, Рыбакина өзінің табысының жартысына жуығын – шамамен 1,25 миллион долларын Аустралияға салық ретінде береді. Қалған 1,53 миллион доллар ғана оның банктік шотына аударылады.

Қазақ спорт журналисі Аслан Қаженовтің айтуынша, Рыбакинаның Қазақстанға табыс салығын төлеуі белгісіз. Қазіргі уақытта бұл туралы ресми ақпарат жоқ.

Елена Рыбакина үшін бұл жеңіс тек спорттық жетістік емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде салықтық сұрақтар мен қаржылық есеп-қисапқа қатысты тәжірибе   болып отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар