Қоғам

Ұландықтар ер адамды есірткімен ұстады

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері елорданың «Байқоңыр» ауданында патрульдеу кезінде ер адамды есірткімен ұстады, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Қала көшелерін патрульдеу барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Дәурен Өмірбек және патрульдеушілер қатардағы Дәуір Әшімбек пен Досымжан Дәулетхан күмәнді әрекет жасаған белгісіз тұлғаларға назар аударады. Көліктен түскен екі азамат айналасына жалтақтап, қардың астынан белгісіз затты алып, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан.

Жағдайды жедел бағалаған ұландықтар дереу оларды қууға кірісіп, күдіктілердің бірін ұстады. Ал қалған екеуі қашып үлгерген. Оқиға туралы әскери жасақтар кезекшісіне жедел түрде баяндалды. Кезекші 102 нөмірі арқылы полиция қызметкерлеріне хабарлады. Аталған факт бойынша материалдар тергеу-жедел тобына тапсырылып, ұсталған азамат заңнамаға сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.Бұл оқиға Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары даярлығы мен қырағылығын айқын көрсетеді. Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ұландықтар есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске елеулі үлес қосуда.