Алматы маңында таулы аймақта қытай туристі ауыр жарақат алды
Оқиға Медеу ауданындағы Богданович мұздығы маңында, шамамен 3 500 метр биіктікте болған.
Турист әйел құлап, басынан жарақат алып, қатты қан кеткен.
Төтенше жағдай туралы хабар түскен соң, құтқарушылар жоғары таулы аймаққа жедел жетіп, зардап шеккен азаматшаға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Кейін ол төменге түсіріліп, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Қазіргі уақытта турист медициналық мекемеге жеткізілді.