"Үш рет пышақ тыққан". Шымкенттегі пышақ жарақатынан қаза болған келіншек туралы куәгерлер тың дерек айтты
Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады.
Шымкент қаласында 40 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмған еді. Оқиғаға куә болғандардың бірі аталған жайтқа қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, Шымкентте әйел адамды пышақтап өлтірген күдікті жедел ұсталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара жақтырмаушылық негізінде пышақ жарақаттарын салған. Әйел оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткендіктен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды.