Абзал Құспан Исидор Борчашвилидің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
"Ондай бастама қолдау таппайтыны белгілі".
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан заң ғылымдарының докторы Исидор Борчашвилидің Конституциялық комиссияның отырысында айтқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Конституциялық комиссияның отырысында Астана халықаралық университетінің Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Исидор Борчашвили Конституцияда жекелеген аумақтар үшін арнайы құқықтық режим енгізу мүмкіндігін конституциялық заң арқылы бекіту ұсынылып отырғанын айтқан. Оның айтуынша, бұл норма мұндай шешімдерді құқықтық кеңістіктің біртұтастығын сақтау, заң алдындағы теңдік қағидаты мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен тікелей байланысты.
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан профессор арнайы экономикалық аймақ туралы айтқысы келді ме деген ойда.