Мас күйде көлік жүргізген судья жұмысынан қуылды
Бұл туралы Жоғары Сот Кеңесінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қарағандыда мас күйінде көлік басқарған судья Әсел Досаева судьялық лауазымынан айырылды. Бұл туралы Жоғары Сот Кеңесінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қызметінен қуылғандардың бірі — Әсел Досаева. Оның судьялық әдепке жат қылығы, атап айтқанда, көлікті мас күйінде басқаруы осындай қатаң шешім шығаруға негіз болған.
«Кеңес мәліметінше, тағы екі судьяға қатысты тәртіптік іс олардың әрекетінде құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Ал тағы екі судьяның материалы бойынша шешім шығару уақытша кейінге қалдырылған», - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, Сот қазылар алқасының бұл шешімдері әлі заңды күшіне енген жоқ. Заң бойынша, жазаға тартылған судьялар тәртіптік жазаға қатысты Жоғары Сот Кеңесіне шағым түсіруге құқылы.