Белгілі әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы ауыр қаза туралы әлеуметтік желіде хабарлады. Өнер иесінің қайнысы Әли Тұралыұлы жол-көлік апатына түсіп, өмірден өткен. Бұл туралы Politico.kz хабарлады.
Әншінің жазбасына сәйкес, қайғылы оқиға 2026 жылдың 14 қаңтарында болған. Әли Тұралыұлы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Ол алты күн бойы комада жатып, 20 қаңтар күні көз жұмған. Марқұм 41 жасқа толуына санаулы күндер қалғанда өмірден өткен.
"Қайным Әли Тұралыұлы 41 жасқа толуына төрт күн қалғанда жол апатына ұшырап, алты күн комада жатып, Раббысына қайтты. Папамның қасына сен де бардың… Жаның жәннатта болсын", – деп жазды Алтынай Жорабаева.
Жазбада марқұмның әкесінің де өмірден ерте озғаны айтылып, бұл жағдай көпшіліктің жанын тебірентті. Желі қолданушылары әнші мен оның отбасына қайғыра көңіл айтып, қолдау білдіруде.
Айта кетейік, Әли Тұралыұлы 1985 жылы дүниеге келген. Ол 2026 жылғы 20 қаңтарда өмірден өтті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






