сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026 18:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Пойызда бейтаныс қызға тиіскенін айтқан экс-жайдарманшы Айбек Байназаров сынның астында қалды

Пойызда бейтаныс қызға тиіскенін айтқан экс-жайдарманшы Айбек Байназаров сынның астында қалды
Фото: видеодан скрин
Жайдарманшы Дархан Оспановтың жеке Youtube-арнасына шығатын “Шәй әңгіме” подкасының 51-шығарылымына кезінде танымал болған “Көз тимесін” командасының мүшелері Айбек Байназаров, Дәнекер Оразбаев, Ерлан Айтбаев және актриса Гүлбахрам қонақ боп келді. Әңгіме барысында Байназаров жас кезінде пойызда болған жағдайды еске алды.

Айбек Байназаровтың айтуынша, бұл оқиға бойдақ кезінде болған.

“Бір күні пойызда келе жатырмын, сөйтсем купеде бір қыз отыр екен. Бастапқыда ешқандай арам ойым болмады, бірақ әдемі екен деп ойладым. Заттардың бәрін жайғастырып, досыммен мейрамханаға барып ішімдік іштік. Купеге келдім, екінші қабатына көтеріліп жаттым да, жаңағы қызға қарасам, айдың жарығымен “алма” болып жатыр екен. Жарты сағат бойы қарап тұрдым. Неше түрлі ой кетті. Кейіннен оған қарай түсіп, мойнына жақындаған кезде “болмайды” деген дауыс шықты. Бірден төсегіме жатып ұйықтап кеттім. Ол да мені ұнатқан шығар, мүмкін қабылдап қалады деген ойым болды”, – деді ол.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар