Руханият

Рәміздерге ерекше құрмет көрсеткендер ынталандырылады

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда әлеуметтік саясатқа қатысты берген тапсырмалары қалай орындалатынын түсіндірді

Оның айтуынша, Президент Үкіметтің әлеуметтік саясатына ерекше назар аудара отырып, бұл салада бірінші кезекте шешілуі тиіс бірқатар маңызды мәселені айқындаған. Осыған байланысты Мемлекет басшысы белгілеп берген негізгі қағидаттар – «Заң және тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» бастамалары аясындағы жүйелі жұмыстар жалғасын табады.

Аида Балаеваның айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін егжей-тегжейлі реттеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Бұл мақсатта қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізіліп, көрнекі әрі түсінікті нұсқаулықтар әзірленеді.