сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026 16:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Экономика министрі инфляцияны қалай азайтатынын айтты

Экономика министрі инфляцияны қалай азайтатынын айтты
Фото: zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин инфляцияны төмендету үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтып берді.

Инфляцияны 9-11%-ға дейін, орташа 10%-ға дейін төмендету үшін шаралар қабылданады. 

— Азық-түлік тауарларының отандық өндірісін ұлғайтуға және ішкі нарықты молықтыруға, тауар нарықтарында теңгерімсіздіктерді болдырмауға, өнімді тиімді сақтау және тасымалдау бойынша инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылатын болады, — деді С. Жұманғарин бүгінгі Үкімет отырысында. 

Сонымен бірге, осы жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілді.

— Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтердің өсуінен инфляцияға әсер инфляцияның нысаналы параметрлеріне байланысты шектелетін болады, — деп толықтырды министр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар