Соңғы бір тәулікте уран өндіруші компанияның акциялары 5% қымбаттады. Бұл жағдайға Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары пікір білдірді. Олардың айтуынша, әлемде уран қоры тапшы болуы мүмкін деген қауіп инвесторларды алаңдатып отыр. Сол себепті нарықта уранға деген қызығушылық артып, компания акцияларының бағасы өсе бастаған.
Сонымен қатар Astana International Exchange (AIX) алаңында “Қазатомпром” акциялары бір тәулікте шамамен 9% өсіп, 38,7 мың теңгеге жетті. Ай басынан бергі өсім 32,5% болды. Ал London Stock Exchange биржасында компания қағаздары бір күнде 1,35% қымбаттап, 75,2 доллар болды. Қаңтар айының басынан бергі өсім – 36,1%.
Уран бағасы соңғы бір жарым жылда ең жоғары деңгейге жетті
Уран фьючерстерінің рекордтық бағасы туралы Trading Economics жазды. 16 қаңтардағы дерек бойынша (АҚШ нарықтарында ұзақ демалыстан кейінгі сауда әлі басталмаған), уран бағасы бір фунтына 85 доллардан асты. Мұндай деңгей соңғы рет 2024 жылдың ортасында тіркелген. Ал 2022 жылдан бері ең жоғары баға 2024 жылы ақпанда 106,3 доллар болған.
Trading Economics мәліметінше, бағаның өсуіне АҚШ-та лицензиялау рәсімдерінің жеңілдетілуі және Centrus пен басқа да уран байытушы компаниялармен жасалған жаңа келісімшарттарға 2,7 миллиард доллар бөлінуі себеп болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл қадамдар санкциялар жағдайында ресейлік ядролық отынды алмастыруға бағытталған.
Оған қоса, электр энергиясын көп қажет ететін дата-орталықтардың көбеюі уранға деген сұранысты арттырды. Сонымен бірге көптеген ел энергия көздерінің қауіпсіз болуына мән бере бастады. Осы жағдайлар уранды қор ретінде сатып алуды күшейтті. Мысалы, әлемдегі ең ірі инвестициялық қорлардың бірі Sprott жуырда уран концентратының қорын тағы 100 мың фунтқа толықтырған.

Өткен жылдың күзінде “Қазатомпром” басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Тоқаевқа 2030 жылдан кейін әлемдік нарықта уран тапшы болатынын айтқан еді. Оның сөзінше, 2025 жылдың қыркүйегінде “Қазатомпромның” нарықтық капитализациясы тарихи ең жоғары деңгейге 14 миллиард доллардан астам сомаға жеткен. Алайда 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында компанияның таза пайдасы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,4% төмендеп, 533,8 миллиард теңге болған.
2025 жылы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша “Қазатомпром” акцияларының 62,99%-ы “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорына, 12,01%-ы Қаржы министрлігіне тиесілі. Ал акциялардың 25%-ы еркін айналымда.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.