2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы орта есеппен 10%-ға қымбаттаған, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап..
Бағаның өсу қарқыны өңірлерде әркелкі болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялаған деректерде айтылған.
Ең жоғары өсім Павлодар облысында тіркеліп, жаңа тұрғын үй бағасы бір жылда 22,2%-ға артқан. Одан кейінгі орындарда Шымкент қаласы (+13,3%), Алматы қаласы (+12,6%), Жетісу облысы (+11,3%) және Қызылорда облысы (+10,4%) тұр.
Ал бағаның ең төмен өсімі Абай облысында (+1,5%) байқалды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында жаңа тұрғын үй бағасы 1,9%-ға, Түркістан облысында 2,5%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында 2,6%-ға, Қарағанды облысында 3,3%-ға ғана өскен.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы да қымбаттап, орта есеппен 8,7%-ға артты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





